Жаңалықтар

Триатлон саябағына мың көшет отырғызылады

Қарағандыда көктемгі ағаш отырғызу науқаны аяқталуға жақын. Триатлон саябағының аумағында қарқынды жұмыс жүргізілуде. Науқан соңына дейін мұндағы жаңадан отырғызылған шыбықтар саны мыңға жетеді деп жоспарлануда.

Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасының мәліметінше, саябақта, тек, жапырақты ағаштар – үйеңкі, мойыл, шаған, тал, долана, шегіршін, терек өсірілмек.

– Бұл ағаштар Қарағанды климатына төзімді. Күтімді де тиісті деңгейде жүргіземіз. Шыбықтар көктем, жаз мезгілдерінде аптасына 3-4 мәрте суарылады, – дейді аталған басқарма директоры Мәдина Әшірова.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button