Бас тақырып

«Tört Tülik» тарту етеді

Қазақстандықтар фермерлерден делдалсыз ет сатып алатын жаңа жоба жыл соңына дейін іске қосылады.

Сурет agrosektor.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі ел тұрғындарына етті делдалсыз, тікелей өндірушіден сатып алу мүмкіндігін ұсынуға ниетті. Баянды бастама ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін арттырып, тұтынушылар мен фермерлер арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған. 2023 жылы таныстырылған ауыл шаруашылығы өндірушілеріне арналған «Tört Tülik» атты цифрлық мобильді қосымшаны дамыту аясында платформа арқылы фермерлер өз өнімдерін тікелей ұсына алады. Ал, тұтынушылар сапалы әрі жаңа өнімге оңай қол жеткізеді.

Жоба аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін цифрландыру және қадағалау жүйесі одан әрі жетілдіріледі. «Tört Tülik» мобильді қосымшасы алдағы уақытта тек ет өнімдерімен шектелмей, сүт, жұмыртқа және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін қамтуы мүмкін. Бұл бастама ауыл шаруашылығы саласының жаңа даму кезеңіне қадам басқанын айқындайды. Тікелей сатылым форматы арқылы фермерлер мен тұтынушылар арасындағы сенімділік нығая түспек, ал, саладағы ашықтық пен тиімділік айтарлықтай артады деп күтілуде.

Өз тілшімізден

Басқа материалдар

Back to top button