Ұлыстың Ұлы күні – 21 наурызда Топар кентінде де тойланды. Бұл күні осындағы Энергетиктер Мәдениет үйінің алдындағы алаңға сахна орнатылып, киіз үй тігілді. Кенттің үлкен-кіші тұрғындары қазақтың ұлттық киімдерін киініп, таңертеңнен осылай қарай ағылды. Олардың арасында өзге ұлт өкілдері де бар.

Мерекеге келген жұртшылықты кент әкімі Марғұлан Сафаров, Топтардағы Жұмабек Тәшенов атындағы мешіттің имамы Мұрсали қажы мен Нығмет ақсақал құттықтап, жергілікті өнерпаздар ән-күйден шашу шашты.
Мереке кезінде алаңға жиналған халыққа Наурыз көже, бауырсақ, палау ұсынылып, қарттар, қыз-келіншектер, балалар арқан тартысты.
Ержан ИМАШ,
Абай ауданы.