АбайАймақ

Топарлық оқушыларға тегін тарту

Жаңа оқу жылы алдында Топар кентінде республикалық “Мектепке жол” акциясы өріс алып, әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларына оқу құрал-жабдықтары толған сөмкелер тегін таратылуда.

Суреттер ұйымдастырушылардан

– Біздің кенттегі 3 жалпы білім беретін мектепте осындай санатқа жататын отбасылардың 200 баласы оқиды, – дейді Топар кентінің әкімі Марғұлан Сафаров. – Соларды оқу құралдарымен тегін қамтамасыз ету мақсатында бұл іске жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдар, кәсіпкерлер шамалары келгенше атсалысып, сатып алған оқу құрал-жабдықтарын әлгі балаларға сыйлап, қуанышқа бөлеп жатыр.

Марғұлан Сафаровтың айтуынша, кешегі күнге дейін мұндағы “Демидовскии” және “Хайруллина” жеке кәсіпорындары, Жұмабек Тәшенов атындағы мешіт жамағаты 20 балаға және ГРЭС басшылығы 120 балаға осындай сый жасаса, енді ертең осы ГРЭС кәсіпорны тағы 44 балаға ішінде оқуға қажет құралдарының бәрі бар сөмкелерді өздерінде дайындаған тәтті-дәмдіге толы дастарқан басында тарту ететін көрінеді. Қалған оннан аса баланы да сабақтары басталғанша осы сияқты сыйлықтар күтіп тұр.

Ержан ИМАШ,
Абай ауданы

Басқа материалдар

Back to top button