АбайАймақ

Топарда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

Бүгін Топар кентіндегі “Энергетик” Мәдениет үйінің алдындағы алаңда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті.

Суреттер автордан

   – Бұл күз айлары басталғалы Топар кентінде бірінші рет өткізіліп отырған жәрмеңке, – дейді Абай аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Жанар Сұрауханова. – Оған аудандағы ауылшаруашылық құрылымдары 30 тоннаға жуық өнімдерін, соның ішінде 7 тоннадан астам мал еттерін сатуға әкелді. Ал “Құрма аграфирмасы” ЖШС мен “Топар жылыжайлары көкөніс  өнімдерін, Мичурин, Қарағанды және Ильичев ауылдық округтерінің фермерлері де картоп пен көкөніс өнімдерін саудалауда. Мұның сыртында аудан, қала кәсіпкерлері балық, сүт өнімдерін, тұрмысқа қажет заттарды тұтынушыларға ұсынуда. Бәрінің бағасы базардікінен 15 пайыз төмен.

Бізге жәрмеңкеде жолыққан Мичурин ауылдық округінің әкімі Елдос Баймағамбетов өздеріндегі “Заря” шаруа қожалығының басшысы Александр Бондаренконың сатуға 2 тоннадан картоп, орамжапырақ және сәбіз әкелгенін айтады.

    Жәрмеңке саудасын Абай ауданының әкімі Сәбит Оспанов пен Топар кентінің әкімі Марғұлан Сафаров аралап көріп, аудандық және жергілікті өнерпаздар ашық сахнадан ән-күйлерімен одан сайын қыздыра түсіп, келген жұрттың көңілін көтерді.

   Топарда таңертеңнен басталған жәрмеңке кешке дейін болып, кент тұрғындары қысқа керек азық-түліктерін молынан қамдап алды.

Ержан ИМАШ,

Абай ауданы

Басқа материалдар

Back to top button