Аймақ

Топар жастары қарттарға қолғабыс етті

«Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Топар кентінің жастары жалғыз тұратын зейнеткерлердің үйіне барып, ауласын қоқыстан тазартып берді.

Сурет пен видео: ұйымдастырушылардан

Топарлықтар акция басталғалы сенбіліктен қалыс қалмады. Әуелі кент маңайына сенбілік өткізіп, қап-қап қоқысты сыртқа шығарды. Одан кейін аулаларды абаттандырып, жасылжелектендірді. Бұл жолы қарттарға да қолғабыс етіп, үй ауласын тазартты.

– Өз басым осы кентте ертеден тұрамын. Кенттің жастары белсенді. «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауламды тазартып берді. Осы акция басталғалы кенттің көшелері қоқыстан тазарғанын көруге болады. Осының бәрі – жастардың арқасы. Жастарға Алғысымды айтамын, – деді зейнеткер Геннадий Кузнецов.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button