Жаңалықтар

Топар тұрғыны тұңғыш рет дауыс берді

Абай ауданындағы Топар кентінде 10 мыңнан астам халық тұрады. Мұнда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу үшін бес учаскелік сайлау комиссиясы құрылған.

Соның бірі №431 сайлау учаскесіне топарлықтар таңертеңнен ағылды. Олардың арасында биыл 18 жасқа толып, тұңғыш рет дауыс беруге келген Гаухар Сайтхазина да бар. Оған дауыс беріп шыққан соң осы учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Ирина Сергеева сый-сияпат жасады. Таңертеңгі сағат 10-ға дейін учаскеге тіркелген сайлаушылардың 20 пайызы дауыс беріп үлгерді. Жалпы осындағы дауыс беру барысын учаскеге келіп тіркелген “Аманат” ,”Ауыл” партияларының өкілдері қадағалап, бақылауда.

Ержан ИМАШ

Абай ауданы

Басқа материалдар

Back to top button