Бас тақырып

ТОП-3: өңірдегі үздік көрсеткіштер

Биылғы аймақтың қоржынына түсетін табыс көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 14,6%-ға артқан. Бұның бәрі – инвестиция құйғанның нәтижесі. Жыл басынан бері облыс экономикасына 679 млрд. теңге бөлінген. Бұл туралы аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Аймақ басшысы өңірдегі ең басты оң өзгерістерді баса айтып, үздік көрсеткішті тіркеген саланың ТОП-3 тізімін атап көрсетті.

– Биыл облыс экономикасының көрсеткіші – 113,1%-ға жетіп, Қазақстан бойынша үздік үштіктің қатарына енді. Екінші орында – өнеркәсіп саласы. Биыл өндіріс көлемі 2,8 трлн. теңгеге жетті. Ал, өнім шығару көлемі 2,2 трлн. теңгеден асты. Үшінші орынға «Qarmet» АҚ өндірісін айтуға болады. Компанияның көрсеткіштеріне сүйенсек, шойын, болат және жалпақ прокат өндірісінің көлемі биыл 12%-дан 21%-ға дейін өсті, – деді аймақ басшысы.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button