Бас тақырып

Томар ауылындағы өртенген мешіт толық қалпына келтірілді

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің тапсырмасы аясында барша Қазақ елінің қолдауымен Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданына қарасты Томар ауылындағы өртке оранған мешіт толықтай қайта қалпына келтірілді.
Суреттер ihsan.kz
Күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған мешіттің жаңартылған келбетімен танысу жиынына  ҚМДБ-ның Қарағанды облыс бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған ауыл тұрғындары, жергілікті жамағат  және дін қызметкерлері қатысты.
Шарада облыс бас имамы мешіттің жөндеу жұмыстарына атсалысқан барша дін жанашырларына  алғысын жеткізді.
Өз кезегінде жергілікті ауыл тұрғындары да мешіттің күрделі жөндеу жұмыстарына қолдау көрсеткен дін жанашырларына ризашылықтарын білдірді.
Қайта қалпына келтірілген мешіт ауыл тұрғындарына бұрынғыдай діни және рухани бағытта қызмет көрсетуді жалғастыратын болады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button