СпортТеміртау

«Тобылмен» тең түсті

   Жексенбі күні Қарағандының «Шахтеры» Қазақстан Премьер-лигасының жетінші турында Қостанайдың «Тобылын» қабылдап, тең түсті.

Бұрыннан бір-біріне сырлары мәлім қос команда әдемі ойын өр­негін көрсетті. Алғашқыда қонақтар «Шахтердың» қақпасынан саңылау тауып, жанкүйерлерін бір желпінтті. Сергей Скорых қақпаға допты өткізіп алды.

Бұдан кейін қарымта шабуыл барысында «Шахтердың» саңылақ ойыншысы Дәуренбек Тәжімбетов «Тобылға» гол салып, таразы басын теңестірді.

Осылайша, Теміртау стадионында өткен ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Back to top button