Тоқтар Әубәкіров Түркияда төрге озды
Түбі бір түркі жұртынан шыққан Тұңғыш ғарышкер, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров Халықаралық журналистер кеңесінің құрметіне бөленді, деп хабарлайды ortalyq.kz «Saryarqa» телеарнасына сілтеме жасап.
Марапаттау рәсімі Түркияның Алания қаласында өтті.
Әуежайда Халық қаһарманын жұртшылық ыстық ықыласпен қарсы алды. Тоқтар Әубәкіровке Түркия елінің құрметі айрықша. Осыдан 1-2 жыл бұрын Түркияның орталық арналарының бірі Дүйсен Қасейіновтің бастамасымен деректі фильм де түсірген.
– Марапаттау рәсімінде барлығымыз батырды қалай қабылдағанына қуандық. Бәрі тұңғыш ғарышкерімізбен суретке түсіп, ыстық ықыластарын білдіруде. Өте қуанышты сәттің куәсі болдық, – дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дүйсен Қасейінов.
Халықаралық деңгейде өткен басқосуға әлемнің 50-ден астам елінен делегат пен әлемнің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық БАҚ өкілдері қатысты. Журналистер ұлттық және халықаралық ауқымдағы маңызды мәселелерді көтерді.
– Түркияда осындай беделді сыйлық алғаным үшін мен өте қуаныштымын. Түрік халқының ынтымағы арта берсін, – деді қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров.