Спорт

Тоғамбай алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады

Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады.

92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан отандасымыз алғашқы жекпе-жегінде Моңғолия боксшысы Бариахан Доржбен кездесті. Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші және екінші раундта нокдаунға түсірді. Төреші екінші раундта айқасты тоқтатып, жеңісті отандасымызға берді.

Айта кетейік, бүгін кешкісін 63,5 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Ертуған Зейнуллинов Азия ойындарындағы екінші жекпе-жегін өткізеді. Қарсыласы – тәжікстандық Баходур Усмонов.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button