Тоқаев Павлодар облысының әкімін қызметінен босатты

Мемлекет басшысының Жарлығымен Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылсын» делінген ресми Жарлықта.

Оның орнына Олег Павлович Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.