Жаңалықтар

Тоқаев: Елімізде жалған ақпарат тарататын басылым-сымақтардың артында қалталы адамдар мен ықпалды елдер тұр

Біздің елімізде де жалған ақпарат тарататын басылым-сымақтар бар. Олардың артында нақты қалталы адамдар, тіпті, ықпалды елдер тұр. Түркістандағы Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім деді, деп хабарлайды ortalyq.kz.

Сурет: aqorda.kz

– Қазір батыс елдерінде «анти-инфлюенсер» деген қозғалыс бірте-бірте қалыптасып жатыр. Бұл қозғалыс интернет басылымдар арқылы азаматтарға, жастарға тарайтын барлық ақпаратқа, деректерге, әсіресе, жалған мағлұматтарға, яғни, fake news-қа зор күмәнмен қарайды, яғни адамдардың санасын жаулап жатқан, тіпті, оларға имандай сенуге болатын идеология секілді құбылыстарды жоққа шығарады. Біздің елімізде де жалған ақпарат тарататын басылым-сымақтар бар. Бұл – құпия емес. Олардың артында нақты қалталы адамдар, тіпті, ықпалды елдер бар. Ал, жаңа қозғалыстың негізгі мақсаты – дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу, ең алдымен, бұл әдебиеттегі, сондай-ақ ақпарат саласындағы дәстүрді сақтау, – деді Президент.

Мемлекет Қасым-Жомарт Тоқаев біздің ел де әлемде болып жатқан осы жаңа үрдістен шет қалмауы тиіс екенін баса айтты.

– Бұл үрдістер бүгінде түрлі ақпаратпен идеологиялық тұрғыдан уланып жатқан қоғамды сауықтыратын күшке айналуы әбден мүмкін. Жалпы, осындай маңызды істерге, соның ішінде кітап шығару ісіне Қазақстан Жазушылар одағы белсене атсалысуы керек, – деп тоқталды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Басқа материалдар

Back to top button