Жаңалықтар

Өткен тәулікте облыс автожолдарынан 56 адам құтқарылды

Кеше, ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше автожолдар жабылған болатын.

Суреттер: облыстық ТЖД

14 қаңтар күні Осакаров ауданында «Осакаровка-Молодежный» автожолының 49 шақырымында ТЖД күштерімен қар құрсауында қалып қойған 3 автокөліктен 8 адам құтқарылып, Молодежный кентіне жеткізілді.

Теміртау қаласы блокпосттан ТЖД күштерімен кептелісте тұрған автокөліктерден 16 адам жол бойындағы кемпингке дейін жеткізілді.


Шет ауданында «Ақой-Сейфуллин-Ақсу-Аюлы-Ақтоғай-Балқаш» автожолының 133 шақырымында ТЖД және жергілікті атқарушы органдарының күштерімен «Setra» техникалық ақаулы автобусынан Ақтоғай кентіне 32 адам (оның ішінде 5 бала) құтқарылды. Құтқарылғандардың ешқайсына медициналық көмек қажет болмаған.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button