Тірек мектебінде – тыңғылықты істер
Ауылдық шағын жинақталған мектептердің мәселелері тірек мектептерін (ресурстық орталықтарды) ашу арқылы шешіледі, олар айналасындағы шағын жинақты мектептерді біріктіреді. Ресурстық орталықтар баланы оқыту мен тәрбиелеуде маңызды рөлге ие және тұлғаның шығармашылық дамуына, кәсіби қалыптасуына оң ықпал етеді.
Біздің ресурстық орталық 2011 жылы эксперименттік алаң болып жұмысын бастады.
2014 жылы «Осакаровка кентінің №9 гимназиясы базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ болып біздің ұйымның атауы өзгертілді.
Тірек мектебіне 5 ауылдық шағын жинақталған орта мектеп бекітілген (Батпақ с. №6 ОМ, Николаевка с. №10 ОМ, Озерное с. №13 ОМ, Сұнқар с. №17 ОМ, Ақпан с. НМ). Үйлестіру кеңесі жұмыс істейді.
Ресурстық орталықтың оқу блогында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша 14 курс ұсынылған. Аталған курстардың бағдарламалары пәннің терең зерттеу және оқушылардың ақыл-ой, шығармашылық әлеуетін, өз бетімен ойлау дағдыларын, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі талдау, қызығушылығын болжайды. Осы қызметтің қорытындысы жыл сайын өткізілетін «Ізденіс және шығармашылық» оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясында шығарылады.
Оқушылардың эксперименттік және зерттеушілік қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін зертханалар да жүйелі жұмыс істеуде.
Сессия уақытында магниттік мектептердің оқушылары мектеп жанындағы интернатта тұрады, 3 реттік тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Оқушыларды тасымалдау үшін мектеп автобусы бар. Сессия аралығы кезеңінде тиімді жұмыс ұйымдастыру үшін қашықтықтан оқыту әдісі таңдалған.
Сонымен қатар, ЦБР әзірлеу және енгізу бойынша ресурстық орталықтың оқытушыларымен жұмыс жүргізілуде. Педагогтарға коучингтер өткізу, Назарбаев зияткерлік мектебімен тәжірибе алмасу, әдістемелік көмек алу үшін ресурстық орталық сайтында «Мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығы» парақшасы ашылды.
Ресурстық орталықта «10 күн өндірісте» жобасы да жүзеге асырылуда.
Осы курстың практикалық бөлімін зерттеу ауданда орналасқан кәсіпорындарда қарастырылған. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен және басқа да мекемелермен, «Қазпошта» АҚ аудандық филиалымен, «Халқ банкі» филиалы, аудандық полиция бөлімі, аудандық аурухана, балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мектепке дейінгі мекемелер, «Қазақтелеком» сияқты мекемелермен әріптестік орнаттық.
Жас көшбасшылар мектебі, «Фантазия» бейнелеу және сәндік өнер студиясы, «Гармония» вокал өнерінің студиясы, «Би-думан» дәстүрлі би студиясы, «Сарбаздар» Отан қорғаушылар мектебі, «Атамекен» танымдық клубы, «Паутина» қызықты информатика клубы сияқты клуб сабақтары өз жемісін беруде.
Ресурстық орталық оқушылары білім, ғылым және мәдениет, спорт салалары бойынша түрлі іс-шараларға қатысады. Мысалы, тірек мектебінің жұмыс тәжірибесі «Үздік ресурстық орталық» республикалық сайысының бірінші кезеңінде жеңімпаз атандық, 1 дәрежелі дипломға ие болдық. Астана қаласындағы «Үздік ресурстық орталық» республикалық конкурсының қорытынды кезеңінде Қарағанды облысының намысын қорғадық, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталдық.
Н.РЕВЯКИНА,
«Осакаровка кентінің
№9 гимназиясы
базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)»
КММ директоры,
аудандық мәслихат депутаты.
ОСАКАРОВ ауданы.