Жаңалықтар

Өтінім қабылдау басталды

10 қыркүйектен бастап жастар кәсіпкерлігін дамыту мен қолдауға бағытталған Қарағанды облысы әкімінің гранттар конкурсына өтінімдер қабылдау басталды. Өтінімдер 10 қазан сағат 18:00-ге дейін қабылданады.

Конкурсқа 18-28 жас аралығындағы Қарағанды облысының тұрғындары қатыса алады. Қажетті құжаттар:

– жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

– жобаның бизнес-жоспары;

– соңғы 36 айда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;

– соңғы 36 айда бизнес-жобаны іске асыру үшін қажетті кәсіптік дағдылар мен құзыреттер бойынша оқытудан, біліктілігін арттырудан өткенін растайтын құжаттың (сертификат, диплом) көшірмесі;

– қатысушының әзірлемеге (өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге) құқығын растайтын құжатының көшірмесі (патент, куәлік);

– ағымдағы банктік шотта қаражаттың болуы туралы анықтама;

– бизнес-жоспар жобасында пайдаланылатын жылжымалы және жылжымайтын мүлікке жеке меншікті растайтын құжаттардың көшірмесі не жалға алу шартының көшірмесі;

– соңғы 6 айдағы жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме;

– оқуды растау туралы оқу орнынан анықтама;

– жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

– жеке кәсіпкердің ағымдағы банктік шотының болуы туралы анықтама;

– банкте несиелік берешектің бар (жоқ) екендігі туралы анықтама;

– жеке кәсіпкердің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама. Өтінім мен құжаттар akimgranty09@yandex.kz поштасына бір pdf файлы ретінде қабылданады. Конкурс туралы толық ақпаратты: https://t.me/akimgranty09 немесе 8-778-630-73-97, 8-771-365-99-13 және 8-701-122-24-63 (WhatsApp, Telegram) нөмірлері бойынша алуға болады.

Басқа материалдар

Back to top button