Жаңалықтар
Тимур Құлыбаев Азия Олимпиада кеңесінің вице-президенті болып қайта сайланды
Тимур Құлыбаев Азия Олимпиада кеңесінің вице-президенті болып қайта сайланды.
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев бір ауыздан 2023-2026 жылдар кезеңіне Азия олимпиадалық кеңесінің вице-президенті лауазымына қайта сайланды.
Азияның Олимпиадалық кеңесі – Халықаралық Олимпиада комитеті таныған бес Ұлттық Олимпиадалық комитеттердің құрлықтық қауымдастығының бірі.
Ұйым АОК мүше елдерінің Олимпиада қозғалыстарын басқарады және үйлестіреді. Тұрақты түрде қысқы және жазғы Азия ойындарын өткізеді.



