АбайАймақ

Абай ауданының тіл жанашырлары марапатталды

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туған күні мен Қазақстан Республикасының Тілдер күніне орай Абай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі “Тіл – әр ұлттың асыл қазынасы” тақырыбында дөңгелек стол басындағы кездесу өткізді.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Бұл салиқалы бас қосуға аудандық бөлімдер мен мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың, өзге ұлт өкілдері қатысып, өздерінің тіл туралы ойларымен бөлісіп, мемлекеттік тіліміздің болашағы жайлы толғанып, жергілікті ақындар осы тақырыптағы өлеңдерін оқыды.

Дөңгелек үстел басындағы кездесуге Абай ауданы әкімінің орынбасары Клара Қабдуәлиева қатысып, аудандағы тіл жанашырлары Алғыс хаттармен марапатталды.

Ержан ИМАШ,
Абай ауданы

Басқа материалдар

Back to top button