Приозерск

Тіл саясатына – тың серпін

    Приозерск қаласының Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2016 жылдың І жартыжылдығында бірнеше іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.

Мемлекеттік тілді оқыту курсы ұйымдастырылып, 15 адам қамтылды, деңгейі ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша, В2 ортадан жоғары. Мемлекеттік тілді оқыту курсымен қамтылған 15 тыңдаушының барлығы мемлекеттік қызметкерлер болды.

10 мемлекеттік қызметші ҚАЗТЕСТ жүйесінің В1 деңгейі (орта деңгей) бойынша тест тапсырып, сертификат алды. Ал, әртүрлі салада қызмет ететін 60 адам диагностикалық тестілеуден өтті. Қорытындысы төмендегідей болды: қарапайым А1 деңгейі бойынша – 0, базалық А2 деңгейі бойынша – 16 (26,7 %), орта В1 деңгейі бойынша – 35 (58,3 %), ортадан жоғары В2 деңгейі бойынша – 9 (15 % – жоғары деңгей С1 – 0.

Қаладағы көрнекі ақпарат пен жарнамалардың тиісті заңнама талаптарына сай рәсімделіп, орналасуы бойынша жұмыстар атқарылуда. Приозерск қаласы бойынша жарнамалардың жалпы саны – 210, оның ішінде, әлеуметтік жарнама – 26, коммерциялық жарнама – 184. Олардың 78-і келісілген. 2016 жылы рейдпен қамтылған көрнекі ақпарат саны – 118, 15-інде әртүрлі деңгейдегі қателіктер анықталды. Рейд барысында 7-і жөнделіп, бөлімнен келісім құжатын алғаннан кейін ілінді. Қалған 8-і алынып тасталды, олардың иелерімен түсіндіру-әдістемелік жұмыстары жүргізілді, қателіктерді 1 ай көлемінде дұрыстауға ұсыныс берілді.

Бөлімде 2016 жылдың қаңтар айында сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат, сонымен қатар, тауарлық жапсырмалар (этикеткалар) және басқа мәтіндерінің қатесіз сауатты жазылуын бақылау негізінде шағын және орта бизнес өкілдері және жарнама агенттіктерімен тиісті жұмыстар жүргізу үшін тегін консультациялық көмек көрсететін «Жедел желі» («Callcenter») қызметі іске қосылды. «Жедел желі» («Callcenter») қызметі көрсетілетіндігі туралы хабарлама жергілікті «Приозерский вестник» газетінде және бөлімнің сайтында жарияланды. Бүгінгі күнге жедел желі бойынша көмек алушылар саны – 3.

Ағымдағы жылдың ақпан айында жергілікті бизнес өкілдерімен өткізілген конференцияда көрнекі ақпаратты дұрыс рәсімдеуді түсіндіру мақсатында баяндама жасалынды. Сондай-ақ, жергілікті кәсіпкерлердің барлығына маңдайшалар мен жарнамалардың заңнамаларға сәйкес дұрыс жазылуы, көрнекі ақпараттың мәтінін келісу қажеттігі жөнінде түсіндіру хаттары жолданды.

Жергілікті және облыстық БАҚ-та тіл саясатын насихаттауға бағытталған жұмыс жалғасын табуда.

Мемлекеттік тілді қолдану және оны дамыту жұмыстарын насихаттау мақсатында, 2016 жылдың 6 айында жергілікті «Приозерский вестник» газетінде 11 мақала жарияланды.

Қаламызда барлығы 34 көше бар. Бөлімде қала көшелерінің атауын ретке келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Негізгі орталық 7 (20,5 %) көшенің, 2 мектептің атаулары 2011 жылға дейін ауыстырылды. Одан кейін мораторий жарияланып, көше аттарын ауыстыру уақытша тоқтатылды.

Бүгінгі күнге тұрғындардан атаулары моральді тұрғыдан ескірген 10 көшені қайта атау бойынша ұсыныстар келіп түсті. Мораторий аяқталғаннан соң бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табатын болады.

Ж.ДУЛАТОВА,

Приозерск қаласының мәдениет және

тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары.

Приозерск қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button