Балқаш

Тиімді әрі ыңғайлы

    Нәрестенің туу туралы куәлігін SMS көмегімен рәсімдейтін де күн келді. Оған бұрынғыдай бірнеше күн емес,   1 сағат қана кетеді.

Балқашта электрондық қызметті бірінші болып қала тұрғыны Жансая Айтқожина тұтынды. Аяғы ауыр кезінде “электронды үкімет” сайтына тіркелген оған нәресте туғанда құттықтаумен қатар құжатты рәсімдеуге қатысты ұсыныс жасалған хабарлама келді. Жас ана қызы туралы тиісті деректі жіберді.

Электрондық қызметті бірінші болып тұтынған қала тұрғынына құжатты халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері бірден перзентханаға әкеліп тапсырды.

Әлібек ӘБДІРАШ

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button