Бас тақырыпБасты тақырып

Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік бар

Ішкі істер министрлігінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті ата-аналарға терроризм актісі туралы жалған хабарламалар таратуға қатаң тыйым салынатынын еске салды деп хабарлайды Ortalyq.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет polisia.kz

ІІМ мәліметінше, мұндай әрекеттер  Қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Терроризм туралы жалған хабарламалар қоғамдық қауіпсіздікке нақты қатер төндіріп, адамдарды жаппай эвакуациялауға, мемлекеттік органдардың, білім беру және медицина мекемелерінің қалыпты жұмысының бұзылуына себеп болады. Сондай-ақ төтенше жағдай қызметтерінің күштері мен құралдарын негізсіз жұмылдыруға әкеледі.

ІІМ өкілдерінің айтуынша, бұл қылмыс үшін бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған. Барлық осындай хабарламалар міндетті түрде тексеріледі, ал оларды таратқан тұлғалар заманауи цифрлық және техникалық құралдар арқылы анықталады.

Киберқылмыстардың алдын алу мақсатында азаматтарға:
• тексерілмеген ақпаратты таратпау;
• интернетте, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған қоңыраулар мен хабарламалар жасамау;
• балаларға терроризм туралы жалған хабарлама үшін ата-аналардың да жауапкершілігі бар екенін түсіндіру;
• қауіп төндіретін хабарламалар алған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлау ұсынылады.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button