Жаңалықтар

Террористік белсенділігі жоғары аймақтардан оралған азаматтарды оңалту және реинтеграциялауға гранттар бөлінеді

«Ортақ мүдделерді іздеу» бейкоммерциялық ұйым және «Құқық»  қоғамдық қоры үкіметтік емес ұйымдар арасында террористік белсенділігі жоғары аймақтардан оралған және Қарағанды облысында тұратын азаматтарды оңалту және реинтеграциялау жөніндегі іс-шараларды өткізу үшін гранттар беруге өтінімдер жиынтығын жариялайды.

Осы өтінімдер жиынтығы шеңберінде 2 грант берілетін болады, әрбір шағын гранттың ең жоғары сомасы 2,000 еуроны құрайды.

Гранттарды үкіметтік емес ұйымдарға (заңды тұлғалар) беретін болады, олар Қарағанды облысында орналасқан және ұрыс қимылдары жүріп жатқан аймағындағы қандастармен жұмыс жүргізеді. Жергілікті ҮЕҰ (заңды тұлғалар) осы ҮЕҰ атынан оңалту мен реинтеграцияға қолдау көрсететін үлестес әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, әлеуметтік педагогтар және / немесе қоғамдастықтардың дәстүрлі көшбасшылары болуы мүмкін.

Грантқа өтінім беру бойынша ақпарат алу үшін сілтемеге өту қажет: https://instagram.com/of_pravo_official?utm_medium=copy_link, of_pravo_offcial  

Басқа материалдар

Back to top button