«Террикон» жеңімпазы болыңыз!
Қарағандының «Террикон алқабы» ІТ-хабында кезекті «Инкубатор» жəне «Акселератор» бағдарламалары қорытындылану үстінде. Бірқатар жеңімпаз өз жобасын одан əрі дамытуға арнаулы гранттарға
қол жеткізді.
«Террикон алқабы» екі жылдан бері оқу бағдарламаларын жүйелі жүргізіп келеді. Бұл – кəсіпкерлік дағдыларын игеруге, жоба талдауға, өсуге мүмкіндік беретін екі айлық тегін оқыту курстары.
– «Инкубатор» бағдарламасы ісін жаңа бастаған кəсіпкер мен стартаперге бағытталған. Бұл – бизнесті нөлден бастау ға таптырмас мүмкіндік. «Акселератор» болса, бизнесті кеңейтуге, кірісті арттыруға көмектесуге бағдарланған. Қатысушы өз нəтижесін ұсынып, қазылар алқасы үздік жобаны таңдап, гранттармен марапаттайды. Басты мақсат – жергілікті талантты мамандарды қолдау. Осындай бастамалар арқасында біз қалада кəсіпкерлік саласын дамыта аламыз, – дейді ІТ-хаб директоры Сабыр Ниязов.
Мəселен, кезекті лектің ақтық сайысына 12 команда түсті. «Акселератордан» алты жəне «Инкубатордан» алты компания.
«Инкубатордан» командалар арасында алғашқы үш орынды ағынды суларды тазарту қондырғысы жобасы, IOS əзірлеушілеріне арналған DevTrainy қосымшасы əрі спорт əуесқойларына арналған Densau қызметі иеленді. Үздік жобалардың əрқайсысы 400 мың теңгелік грант еншіледі.
Ал, «Акселератор» түлектері «Яндекс Cloud» серіктестерінен 2 400 000 теңге көлемінде грант алу үшін күресті. Қызықты жоба көмегімен тұтынушы интерактивті картадағы немесе зауыт жоспарындағы жұмыс үдерісін елестете алады.
Жобаңызды terricon.kz сайтында өтініш беру арқылы қорғай аласыз.
Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
Ortalyq.kz