Жаңалықтар

Тергеу изоляторында отырған Төреғали Төреәлі түсініктеме берді

Уақытша ұстау изоляторына қамалған әнші Төреғали Төреәлі Көлсайда болған жағдай туралы түсініктеме берді. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.

Оның айтуынша, жаңа клиптің түсірілімі барысында жанжал шыққан. Жәбірленуші олардан көзін алмай, жұмысына кедергі келтірген. Соның салдарынан шыққан жанжал төбелеске ұласқан.

Әлеуметтік желіге тараған видеожазбада әртістің балағат сөздер айтқанын аңғаруға болады.

Аталған құқық бұзушылық ҚР Қылмыстық кодінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркелген.

Айта кетейік, Көлсай көлдерінде гид жігітті соққыға жыққан Төреғали Төрәліні полиция бүгін қамауға алды.

Басқа материалдар

Back to top button