«Теплотранзит Қарағанды» ЖШС-не үш миллион теңгеге жуық айыппұл салынды
«Теплотранзит Қарағанды» ЖШС жеке кәсіпкерге жылу энергиясы үшін төлемді дұрыс жүргізбеген. Тексеруден кейін компанияға үш миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мәлімдеді.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне кәсіпкерден өтініш түсіп, осы өтініштің негізінде департамент қызметкерлері «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізген. Департамент өкілдері жеке кәсіпкерге жылу энергиясы үшін төлем жалпы тұрмыстық жылу есептегішінің нақты көрсеткіштеріне негізделмегенін анықтады. Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 4-бөлігімен әкімшілік іс қозғалып, нәтжесінде «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС-не 2 953 600 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ