“Тентекте” – жаңа оқпан

Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Тентек» шахтасында жаңа клеттік оқпан енгізіледі. Нысанның құрылысы аяқталуға жақын.

Жобаны іске асыру 2017 жылы бас­талды. Жаңа оқпанды қазуға күр­делі геологиялық жағдайларда жұ­мыс тәжірибесі бар компания «Шахтспецстрой» трестімен келісімшарт жасалды. Бастапқы кезеңде сазды то­пырақты тезірек және ти­імді қазу үшін топырақты 80 метр тереңдікке дейін мұздату технологиясы қолданылды. «Тентек» шахтасының жаңа клеттік оқпанының жалпы тереңдігі 830 метрді құрайды. Қазір 820 метр тереңдікте құры­лыс жұмыстары жүріп жатыр. Оларды бір ай ішінде аяқтау жоспарланып отыр. Шахта директоры Төлеген Шаях­ме­товтің айтуынша, нысанның іске қосылуы жа­ңа жиектерге жол ашады.

– Мұнда біз шамамен 30 миллион тонна кокстелетін көмір қорын ашамыз. Біз жылына орта есеппен миллион тоннадан өндіреміз. Бұл шахтаның ұзақ жылдарға дамуы және тұрақты жұмыс орындары, – деп атап өтті ол.

Өз тілшімізден.