АймақТеміртау

Теміртаулық жастар құқық қорғау қызметкерлерімен кездесті

Теміртау қаласының тарихи-мәдени орталығында осындағы “Дала қырандары” жастар қозғалысының өкілдері қалалық құқық қорғау органдары қызметкерлерімен дөңгелек стол басында кездесті.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Бұл бас қосуды қала прокуроры Дастан Мырзағали кіріспе сөзбен ашып, жұмыс нәтижелері туралы қалалық полиция басқармасының бастығы Талғат Бақаев, қала әкімінің орынбасары Рауан Таран, қала прокурорының орынбасары Арман Асқаров хабарламалар жасады.

Дөңгелек стол барысында жастарға еліміздің 2025-2030 жылдарға арналған заң мен тәртіп тұжырымдамасының қағидаттарын халыққа жеткізу жайы сөз болды.

Қазақстан Үкіметінің 2025 жылдың 1 сәуіріндегі Қаулысымен бекітілген аталған Тұжырымдама жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен қылмыстың алдын алу жұмыстарын жүргізу арқылы құқықбұзушылықты азайтуды көздейді.

Соған байланысты Теміртаум қаласының әкімдігі, прокуратурасы мен полиция басқармасы атқарған шаруалар слайдтар бойынша көрсетілді. Онда жастармен өзара әңгімелесу нәтижесінде бұл жұмыстың тиімділігі арта түсетіні атап өтілді.

Сондай-ақ “Дала қырандары” жастар қозғалысының аймақтық өкілі Мақсат Өміртаев та сөйлеп, мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығы мен жауапкершілігін арттырып, олардың белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастырып, нығайтатынын айтты.

Кездесу қорытындысында белсенді жастармен өзара іс-қимыл ұсынысы қабылданды.

Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ

Басқа материалдар

Back to top button