Теміртаулықтар – тұғырда
Теміртаудағы технопарк командасы Тараз қаласында өткен кеме жасау спортынан ҚР ХХVIII чемпионатында I орынға ие болды. Бұл сынға еліміздің барлық өңірінен 200-ге жуық оқушы радио арқылы басқарылатын және жылдамдығы жоғары жарыс модельдерінің көшірме санаты бойынша қатысты.
– Әр жасампаз бала алдымен көшірме модельдегі кемелерін көрсетті. Олардың модельдері сызба бойынша салынған түпнұсқа кемелерді дәлме-дәл қайталайды. Алдымен қазылар алқасы олардың судағы негізгі қасиеттерін, түпнұсқаға сәйкестігін, бояуын, өндіріс мінсіздігін бағалап, әр кемеге сай ұпай қойды. Содан кейін қатысушылар арнайы қашықтықтан өтуі керек болды. Осы екі кезең бағаларымен спортшының ұпайы анықталады, – деді Қарағанды облысы құрамасының бас бапкері Сергей Оконечников.
Осылайша, Теміртау командасы жарыстың барлық кезең қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионы атанды. Азаматтық кеме модельдерінің ішінде теміртаулық Эрик Дамер өзінің ерекше кемесімен I орынды жеңіп алды. Ал американдық эсминецтің прототипін жасаған Марк Оконечниковқа Қазақстан чемпионы атағы берілді. Ол сонымен қатар мәнерлеп жүзетін кеме моделі санатында күміс медаль алды.
– Бәсекелестік өте күшті болды. Мадияр Елемесов жарыстың ең ауыр кезеңінде чемпион атанып, Ақтөбе және Алматы қалаларынан келген пилоттармен өткен финалдық жарыста жеңіске жетті. Сондай-ақ, біздің теміртаулық Иван Косарев бұл жағдайда да жеңіске жетуге болатынын дәлелдеді. Ол республика чемпионы атанды. «Стандарт» жарысындағы II орынды Александр Заманов иеленді. Дегенмен ол ойынның орта кезеңінде қайығын сындырып алды. Ал, чемпион атағын біздің ең мықты шабандозымыз Максим Хуторной жеңіп алды, – деп атап өтті Сергей Оконечников.
Жан АМАНТАЙ,
Ortalyq.kz