АймақЖаңалықтар
Теміртаулық тұрғынның қымбат көлігіне зақым келтіргендер ұсталды
Теміртаулық полицейлер бөтеннің мүлкіне зиян келтірді деген күдікпен 20 мен 25 жас аралығындағы үш ер адамды ұстады.
Олар түнде көпқабатты үйдің ауласында тұрған қымбат джиптіің төрт дөңгелегін зақымдап кеткен. Ұсталғандар өздерінің бұл әрекетін көлік иесіне деген қызғаныштан деп түсіндірген. 45 жастағы жәбірленуші келтірілген шығын көлемін 900 мың теңгеге бағалады. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.