ЖаңалықтарСпорт

Теміртаулық синхронды жүзуші әлем чемпионатында жеңіске жетті

28 ақпан – 2 наурыз аралығында Парижде өткен көркем (синхронды) жүзуден Әлем кубогының бірінші кезеңінде Қарағанды облысының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілі Виктор Друзин алтын медаль жеңіп алды.

Сурет: спорт басқармасынан

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, 22 елден 167 спортшы қатысқан байрақты бәсекеде теміртаулық Виктор Друзин жеке бағдарламада өнер көрсетіп, ең жоғары марапатқа ие болған. Жүлделі екінші және үшінші орындарды грекиялық Мариос Крицас пен Стилианос Фускис өзара бөліскен.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button