АймақЖаңалықтар

Теміртаулық «Оқжетпес-Т» ЖШС 3 миллион теңгеге жуық айыппұл арқалады

Қарағанды облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаменті «Оқжетпес-Т» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде компанияға 3 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды.

«Оқжетпес-Т» ЖШС-не тексеріс заңды тұлғаның өтініші негізінде жүргізілген.

Сурет: mail.kz

– Тексеру барысында «Оқжетпес-Т» ЖШС жылу энергиясын жеткізу бойынша қызмет көрсету шартын жасасқаны анықталды, ол стандартты нысанға сәйкес келмейді, – деп хабарлады табиғи монополияларды реттеу департаменті.

Мұндай шартты жасау тұтынушыны жылумен жабдықтау қызметтері үшін қайта есептеуді талап ету құқығынан айырылуына әкелді. Қарағанды облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаменті Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 4-бөлігімен әкімшілік іс қозғады, осыған байланысты «Оқжетпес-Т» ЖШС 2 953 600 теңге айыппұл арқалады.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button