АймақБас тақырыпҚарағанды

Теміртаудың торқалы тойы

Бүгін Қазақстанның индустриалды аймақтарының бірі Теміртаудың қала мәртебесін алғанына 80 жыл толуына байланысты торқалы  тойы таңертеңнен басталды.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Қаланың Бірлік алаңында жоспарланған мерекелік бағдарламалар бірнеше блоктан тұрады. Соның Балалар блогында сайқымазақтары мен  қуыршақтары бар анимациялық бағдарламалар, балалардың вокалдық және би ұжымдарының қойылымдары, спорттық эстафеталар өтуде.

Ал Жастар блогында биылғы “Жұмысшы мамандықтары жылы”  аясында “Болашақ мамандығы” техникалық колледждердің көрме-таныстырылымы, би жарысы, диджей-сеті,Жастар грантын иеленген кәсіпкерлердің көрме-сатылымы ұйымдастырылған.

Келесі Арнайы қызметтер техникасының көрмесі блогында мерекеге жиналған жұрт әскери, полиция, өрт сөндіру, құтқару және жедел жәрдем қызметтерінің жаңа көліктерімен таныса алады.

Ендігі Мұражай блогында Теміртау тарихи-өлкетану мұражайының қала тарихы мен өнеркәсібі туралы экспозициясы көрсетіліп, жергілікті қолөнер шеберлерінің сәндік-қолданбалы бұйымдарының жәрмеңкесі болады.

Бұл блоктық бағдарламалар кешкі 17.00 сағатқа дейін жалғасып, одан әрі мерекелік концертке ұласады. Ол басталар алдында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан эстрадасының жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздар өнер көрсетеді деп күтілуде. Бұл эстрада жұлдыздарының арасында әншілер Қайрат Нұртас, Sadraddin, Жанар Дүғалова, Kalifarniya, “Формат” тобы бар.

 Мерекелік концерт түнгі 22.00 дейін созылып, отшашумен аяқталмақ.

Толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Ержан ИМАШ,

ТЕМІРТАУ

Басқа материалдар

Back to top button