Коронавирус

Теміртаудың 2 тұрғынынан коронавирус анықталды

Бүгін Теміртау қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырудың екі оқиғасы тіркелді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

“47 жастағы әйелден және 10 жастағы баладан COVID-19 инфекциясы анықталды. Олардың екеуі де Теміртау қаласының тұрғындары. Бұрын індет жұқтырған адаммен жақын байланыста болған. Қазіргі таңда облыс аумағында індеттің 84 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 1 адам қайтыс болып, 2 адам жазылып шықты”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазір аймақта 744 адам тәулік бойы бақылауға алынған. Сондай-ақ, 2165 адам үй карантинінде. Бұған дейін оқшауланған 403 адам үй карантинінен шығарылды.

Басқа материалдар

Back to top button