Бас тақырып

Теміртауда жылу құбырын тарту үшін 700 түп ағаш пен бұта кесіледі

Теміртаудағы жылу желілерін ауқымды реконструкциялау салдарынан ағаштар жаппай кесілуде. Қала тұрғындары әр ағаш үшін жандары ауырып, дабыл қағуда. 2 млрд. теңгеге екі шақырым құбыр ауыстырылса, 700 түп ағаш пен бұта кесіледі екен.

 

Қоғам қайраткерлерінің пікірінше, жобаның онлайн жасалуы осындай жағдайға әкелген. Тендерді жеңіп алған компания да өзге өңірден. Теміртау қаласының тұрғыны Марина Лаптева «жобаны үйде отырып жасай салған» деп күйінеді. Тіпті, құбыр тартылатын жерде не бар екенін де көзімен көрмеген. Жылу құбырлары оларды жүргізуге болмайтын жерлер арқылы өтеді. Тіпті, аталған мәселені тұрғындармен талқыламаған.

Жергілікті билік те жобада қате болғанын мойындап отыр. Бірақ, қажетті түзетулер енгізілген.

– Ескі желілер түгелдей тозғандықтан соңғы жылдары қаланы жылытуға шамасы жетпейді. Сондықтан, қақаған қыста тоңбау мен жасыл желек арасында таңдау туғанда, әлбетте, жылуды таңдайтынымыз анық. Сәйкесінше, жасыл желектерді кесуге шешім қабылданды. Желілердің барлығы Кеңес уақытында салынған. Қазір стандарттар өзгерді. Жылу трассасы жоғары вольтты электр желісінің бойында орналасқан. Дәл осы жағдай құбырды біз ойлаған оське қоюға мүмкіндік бермейді. Биыл Теміртауда 29 шақырымға жуық жылу желілерін жөндеу жоспарланған. Мердігер де жұмысын жеделдетіп, қыркүйекте аяқтауға уәде берді. Күзде зардап шеккен ағаштардың саны есептеліп, әр кесілген түп үшін жаңадан он көшет отырғызуға уәде берді, – дейді Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Қадырбеков.

Салтанат ІЛИЯШ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button