Теміртауда жол жөндеу жалғасуда
Биыл Теміртау қаласының автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Кешегі күнге дейін осында жөнделген толық жолдардың ұзындығы 18,5 шақырымды құрайды.

Яғни, Абай көшесі (Теміртау көшесінен Сарыарқа көшесіне дейінгі 1,34 шақырым), Бейбітшілік даңғылы (Бауыржан Момышұлы көшесінен Қарағанды көшесіне дейінгі 1,4 шақырым), Құрылысшылар даңғылы (Мичурин көшесінен Ушинский көшесіне дейінгі 1,75 шақырым) бойындағы жалпы ұзындығы 4,5 шақырым жолдардың орташа жөндеуін “Ғимарат -М” ЖШС толық аяқтап шықса, “Райс-KZ” ЖШС Республика даңғылы (Металлургтер даңғылынан қалалық базаға дейінгі 5 шақырым), Батыс көшесіндегі 0,56,Солтүстік көшесіндегі 0,97 шақырым,жалпы алғанда 6,5 шақырым жолдардың орташа жөндеуін бітіріп, “Қарағандыавтожол” ЖШС Тәшенов көшесінің 0,809, Нұра өзені арқылы өтетін көпірдің 0,6 шақырым жолдарын да орташа жөндеуден өткізді.
Сондай-ақ қала жолдарын орташа жөндеу Абай көшесінің (Уәлиханов көшесінен Теміртау көшесіне дейінгі 1,3), Сарыарқа көшесінің 3,46, Шығыс көшесінің 1,246 ,жалпы ұзындығы 7,5 шақырым жолдарының орташа жөндеуі жалғасуда.
Бұл жұмыстардың басты мақсаты да қаланың көлік инфрақұрылымын жаңарту, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.
Ержан ИМАШ
ТЕМІРТАУ