АймақТеміртау

Теміртауда Жаңа жыл шыршасы жарқырады

Кеше кешкілік Теміртау қаласының “Астана” алаңында Жаңа жылдың шыршасы салтанатты түрде тұтатылды.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Соның алдында, яғни 17-26 желтоқсан аралығында, қалалық ішкі саясат бөлімі жаңажылдық шыршаны безендіру байқауын жариялаған болатын.

Бұл күні сол байқаудың жеңімпаздары анықталып, Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов оларды осы жеңістерімен құттықтап, дипломдар мен ақша сертификаттарын табыс етті.

“Астана” алаңында жарқыраған шыршаның айналасында жиналған тұрғындар ән-күйге басып, оны айналып, думанды шаттыққа бөленді.

Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ

Басқа материалдар

Back to top button