АймақТеміртау

Теміртауда жаңа автобустар жолға шықты

Теміртауда қоғамдық көлік паркін жаңарту жұмыстары жалғасуда. 10 жаңа көлік желіге шығып, жолаушыларды тасымалдай бастады.

Суреттер: облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен

Жергілікті автопарк 2024 жылғы «Евро-5» стандартты ПАЗ маркалы  автобустарын сатып алды. Олардың барлығы № 3 қалалық маршрутқа қызмет көрсетеді. Бұл бағытқа қатысты оң жағалау тұрғындарынан көптеген шағымдар түскен.

– Жаңа автобустар бейнебақылау, тұрақтылықты бақылау және шұғыл тежеу жүйелерімен жабдықталған. Бұл жолаушылар мен жүргізушілердің қосымша қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Кең орындықтар мен арбаларды көтеру механизмдері жолаушылардың барлық санаттары үшін саяхатты ыңғайлы және қолжетімді етеді. Автобустар атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларын азайта отырып, экологиялық қауіпсіздіктің соңғы стандарттарына сәйкес келеді, – деді Теміртау әкімінің қоғаммен байланыс жөніндегі көмекшісі Гүлнұр Әбдіғалиева.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button