АймақТеміртау

Теміртаудағы жағалау құрылысы кейінге шегерілді

Теміртау қаласының әкімдігі осыдан біршама уақыт бұрын 1,8 миллиард теңгеге Самарқанд су қоймасының жағалауына абаттандыру жұмыстары жүргізілетіндігін мәлімдеген еді. Алайда, бұған қала тұрғындары наразылық танытқан. Енді билік бұл шешімінен бастартып, жоспарды кейінге қалдырды.

 

Әуелгі жоспар бойынша 15 гектар жерге жағалау салу жоспарланған. Көлік тұрағы, жаяу жүргіншілер мен велосипед жолағы, орындықтар мен балалар ойын алаңдары да жоспарда-тын. Алайда, тұрғындар бұған қарсылық танытып, жағалауға жұмсалатын ақшаны инженерлік желілерге, жол мен қаланы абаттандыруға бөлуді талап еткен. Нәтижесінде, қала әкімдігі тұрғындардың наразылығын естіп, жоспарды кейінге қалдырған.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button