АймақБас тақырыпТеміртау
Теміртаудағы «Таза қала – таза ниет» экологиялық акциясына 500-ден астам адам қатысты
23 наурыз – Тазару күні, яғни Наурыз мейрамы аясындағы онкүндіктің қорытынды күні. Осыған орай Теміртау қаласында «Таза қала – таза ниет» атты экологиялық акция ұйымдастырылды.

Ауқымды шараға 500-ден астам адам қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты.

Әсіресе, жастар мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері белсенділік танытты.

Акция барысында қала аумағы тазартылып, экологиялық мәдениет пен табиғатқа деген жауапкершілік насихатталды.

Мұндай бастамалар тұрғындарды бірлікке үндеп, туған жердің тазалығын сақтаудың маңызын арттыра түседі.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



