АймақТеміртау

Теміртаудағы Наурыз шеруі

Бүгін Ұлыстың Ұлы күні Теміртау қаласының тұрғындары қазақтың ұлттық киімдерімен Наурыз шеруіне қатысып, қала көшелерімен жүріп өтті.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Шеруді арғымақ мінген батырлар кейпіндегі жігіттер бастап, олар Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы алдындағы алаңға келіп тоқтап, онда қала өнерпаздарының концерті мен балуандар белдесуін тамашалады.

Бұл күні Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов те шеруге шыққан теміртаулықтармен бірге болып, мереке қызығын бөлісті.

Ержан ИМАШ
ТЕМІРТАУ

Басқа материалдар

Back to top button