Теміртаудағы ҚарМАЭС-1: Негізгі қазандықты жаңарту көзделіп отыр
Қарағанды облысында энергетика инфрақұрылымына қатысты мәселелер қаралды. Талқылау жиыны өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен өтті. Бұл жайлы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Негізгі мәселе – тозығы жеткен жабдықтар мен жиі болатын апаттар. Әсіресе Теміртаудағы ҚарМАЭС-1 нысанының жұмысы назарда. Станция қалаға жылу береді, бірақ толық тұрақты режимге әлі шықпаған. Станцияда жөндеу жұмыстары жоспарланған, оның ішінде негізгі қазандық агрегаттарын жаңарту көзделіп отыр. Мамандар толық жаңғыртуға бірнеше жыл қажет екенін айтады.
Сондай-ақ Қарағанды өңірлік электр желілерінің тозу деңгейі жоғары екені айтылды. Желілерді жөндеуге және станцияларды жаңартуға миллиардтаған теңге көлемінде инвестиция қажет.
Әкімдік тарапынан нақты жоспар мен мерзімдер белгілеу тапсырылды.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



