АймақБас тақырыпБасты тақырыпТеміртау
Теміртауда техникалық және кәсіптік білім беру күні аталып өтті
«Өңірдің болашағы: жұмысшы кәсіптер, білім беруді коммерцияландыру және әріптестік – тұрақты дамудың кілті» жиынында кадрлық қажеттілікті саралау және дуалды бағдарламаны дамыту, мектептегі профориентациялық жұмыстарды жетілдіру мәселелері әңгімеге арқау болды.

– Бұл мерекенің жөні бөлек. Алмағайып өзгерістер дәуірінде экономиканың болашағы жаңа технологияға ғана емес, оны іске асыратын еңбек адамына тікелей байланысты. Ендеше кәсіби-техникалық білімді күшейту – заман талабы. Сонда ғана өндіріс қуаты артып, тың жобалар жүзеге асады, Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілетті болды, – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей.
Облыс әкімінің орынбасары бүгінгі таңда өңіріміздің 40 колледжі 300-ге жуық кәсіпорынмен келісімшарт жасап, студенттердің біліктілігін арттыруда екенін атап өтті.
Сондай-ақ, жиында биыл іске қосылған Profi Way пилоттық жобасының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Бағдарлама мектеп оқушыларының мүмкіндіктерін бағалап, мамандығын таңдауға көмектеседі.
Аяулым СОВЕТ