АймақБас тақырыпБасты тақырыпТеміртау

Теміртауда тегін такси жүре бастады

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, Теміртауда «ТАКСИДЕГІ QUIZ» қызметі іске қосылды. Мұнда жолақы ақша емес, қазақ тіліндегі сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы төленеді.

Жоба 3 желтоқсаннан бастау алып, қала тұрғындарын қазақша сөйлеуге ынталандыруда.

Сурет облыс әкімдігінен

Таксиде жүру тегін жүзеге асады. Жол бойы жүргізуші қазақ тілінде сұрақтар қойып, дұрыс жауап бергендерге шағын сыйлық береді. Такси қызметі күн сайын 17:00–19:00 аралығында жұмыс істейді. Себебі бұл уақытта қалада такси қызметі тапшы.

Ұйымдастырушылар жобаның танымалдығы артатынына сенеді. Қызметке жазылу үшін WhatsApp арқылы 8-747-938-48-27 хабарласқан жөн.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button