АймақБас тақырыпТеміртау

Теміртауда тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан екі адам қаза тапты

Кеше кешкісін Теміртаудағы 9-шағын ауданда 9 қабатты үйдің 2-қабатында өрт шығып, салдарынан 5 шаршы метр аумақ жанып кетті. Пәтердегі заттар мен жиһаздың барлығы іске алғысыз болып қалған. Ал, 1991 жылғы ер адам мен 2015 жылғы қыз бала ес-түссіз күйде пәтерден табылған.

 

Анықталғандай, ер адам пәтердің иесі. Ал, 8 жастағы қыз оның жиені. Екеуін де есін жимаған күйде өрт сөндірушілер жедел жәрдем бригадасына тапсырған. Өкінішке қарай, медициналық көмек олардың өмірін сақтап қала алмады.

Одан бөлек, өрт сөндірушілер оқиға орнынан 8 адамды эвакуациялады. Оның 3-і – бала.

Өрт жарты сағатта ауыздықталды. Мамандар оқиға ашық өрт көзінен болған деп отыр.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button