Қарағанды облысында суға түсу маусымы 1 маусымда басталды. Бірақ суға түспес бұрын қауіпсіздік ережелерін білу қажет. Судағы жазатайым оқиғалардың негізгі себептері тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда суға түсу, мас күйінде шомылу, судағы қауіпсіздік ережелерін білмеу немесе сақтамау, суда жүзе алмау және балаларды ересектердің тиісті бақылауынсыз судың жанында қалдыру болып табылады.
Қарағанды қаласының аумағында шомылуға тыйым салынған орындар:
– «Рубеж» бекеті ауданындағы №2 Карьер су қоймасы;
– Көгілдір тоғандар көлдері №1-4;
– Үлкен Бұқпа өзенінің арнасындағы 22 шахтаның тұндырғышы (1, 2 су қоймасы);
– 7 магистраль ауданындағы су айдыны (Терешкова көшесімен Т-тәрізді қиылыс);
– 15 магистральдағы «ГазОйлПром» автожанармай құю станциясы ауданындағы су айдыны;
– Сұрыптау кентінің бұрынғы темірбетон бұйымдары зауытының ауданындағы су айдыны (1, 2 су айдыны);
– «Қарағанды Су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тазарту құрылыстары ауданындағы су айдыны;
– Нан-макарон комбинатының өткеліне жақын су қоймасы;
– «Горбачев» атындағы шахтаның тұндырғышы;
– «Майқұдық» шахтасының шахталық тұндырғышы;
– «Шахтерский» шағын ауданындағы су айдыны;
– «Горбачев» атындағы шахтаның тұндырғышы №2 су айдыны;
– Донбасская көшесі 2а маңындағы су айдыны;
– «Костенко» атындағы шахта ауданындағы су айдыны;
– «Костенко» атындағы шахта мен ЖЭО-1 арасындағы автожолдағы су айдыны;
– Саран тас жолының бойындағы «TOYOTA-center» үшін тұндырғыш;
– Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағының көлі.
Федоров су қоймасында жүзуге және жаппай демалуға арналған орындар:
– қалалық жағажай (коммуналдық) Федоров су қоймасының сол жағалауы;
– Федоров су қоймасының «Натуралист» аялдамасының жанындағы Қалалық жағажай (коммуналдық);
– «Hummer head Дайвинг орталығы» демалыс аймағы;
– «Horizon» демалыс аймағы;
– «Eva» демалыс аймағы;
– «Eco-Villa» демалыс аймағы;
– «Маяк» яхта клубының демалыс аймағы.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz