АймақБас тақырыпТеміртау

Теміртауда Сарыарқа артефактілерінің көрмесі ашылды

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынаш, Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайы археологиялық олжаларға арналған көрме ашты. Экспозицияда ғалымдар «Қазақстан пирамидасы» деп атаған Қаражартас кешеніндегі қазба жұмыстары барысында табылған кейінгі қола дәуіріне тиесілі бірегей артефактілер ұсынылған.

Суреттер облыс әкімдігінен

«Сарыарқаның бірегей артефактілері!» көрмесі музей мен Сарыарқа археологиялық институтының бірлескен жобасы. Музейдің ғылыми қызметкері Ольга Шувалованың айтуынша, көрме өңірде металлургия б.з. II–III ғасырларда-ақ дамығанын дәлелдейді.

Экспозицияға Қаражартас аумағынан табылған еңбек құралдары, өрнекті сүйек бұйымдары, жебе және найза ұштары, металл құю қалыптары, қапсырмалар мен сақиналар қойылған.

Институт директоры Алексей Кукушкиннің мәліметінше, артефактілер соңғы он жылда Е. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті археологтары жүргізген зерттеулер нәтижесінде анықталған. Көрмеге сирек кездесетін металл пышақтар мен өрнектелген сүйек бұйымдары іріктелген.

Сондай-ақ музей қорындағы қола дәуіріне жататын керамика сынықтары да ұсынылған.

Көрме 19 наурызға дейін жалғасады.
Анықтама телефондары: 8 (7213) 93-19-05, +7 747 185 58 02.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button