Теміртау қаласы Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 35 жастағы ер адамды ұстады.
Тергеу барысында күдіктінің 30 жастағы әйелдің пәтеріне заңсыз кіріп, планшетті ұрлап кеткені анықталды. Бұл әрекетімен жәбірленушіге 400 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Ұрланған планшет заттай дәлелдеме ретінде тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.