Теміртауға Сарандағы Qaz Тehna зауытынан шыққан Yutong маркалы жаңа автобустары жеткізілді. Қалаішілік №22 бағытта қатынайтын ескі маршруттар толығымен жаңартылып, орнына сыйымдылығы 85 адамдық жаңа көлік пайдалануға берілді. Жаңа транспорт Еуро-5 экологиялық стандартына сәйкес. Климаттық бақылау әрі бейнебақылау жүйесі бар. Және ONAY! валидаторлары да толық қойылған.

Одан бөлек, ерекше қажеттіліктері бар жолаушылар үшін пандус қойылған.
– Қала әкімдігі проблемалық бағыттармен жоспарлы жұмыс жүргізуде. №6 және №22 бағытта қатынайтын маршруттар үшін «TTS» ЖШС-мен жасалған шарт біржақты тәртіппен бұзылды. Жақын арада №14 бағытта қатынайтын маршрутты да жаңарту жоспарлануда. Конкурстық рәсім аяқталғанға дейін проблемалық бағыттарға «Ecobus» ЖШС уақытша қызмет көрсетеді, – делінген қала әкімдігінің хабарламасында.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz