АймақЖаңалықтарРуханият
Теміртауда ұлттық мәдениеттер фестивалі өтеді
Бүгін Теміртау қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне орай ұлттық мәдениеттер фестивалі басталды. 28 ақпанға дейін жоспарланған шара Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында өтеді.

Мұражайдың мәліметінше аталмыш шарада әртүрлі халықтардың ұлттық құндылықтары, ұлттық киімдері, музыкалық аспаптары, тағамдары, тұрмыстық ыдыстары көрсетілмек . Сонымен қатар, келушілер қазақтың дәстүрлі қолөнерімен танысып, ағаш өңдеу бойынша шеберлік сабақтарына да қатыса алады.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.